Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Старый Колутон ауылының «Ақбота»  бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие  "Ясли- сад "Ақбота" села Старый Колутон при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.04.2017

 

 

 

Аман болсын—Анашым!»

(

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктің сценариі)

Тобы: БАЛАПАН

Тәрбиешілері: Оспанова Г.Ж., Асылбекова А.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017

жыл

Тақырыбы: « Аман

болсын- Анашым!»

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;

-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;

-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық

қабылдауын ынталандыру;

-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.


Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым»

Ертеңгілік

өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген

әсем зал, әсем әндер  жазылған үнтаспа,

т.б

Залда слайд жүріп отырады, слайд ойнап жатқанда «Менің

анам-Алтын» әнің көрініс арқылы Әділ орындап шығады.

Тәрбиеші:

Бұл

күнді тойлап жатыр барша халық.

Әйелдер күні бүгін халықаралық

Жарыққа бізді әкелген аналарды.

Бүгінгі мерекемен құттықтайық.

Ұйытқысы жанұяның берекеміз

Аналар құтты болсын мерекеңіз

Әрқашан аналарымыз аман болсын

Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз

(Үнтаспадан баяу әдемі бір әуен естіліп

тұрады.)

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті

асыл Аналар, қыз - қызғалдақтар, қонақтар, ақжаулықты әжелер, қадірлі ұстаздар!

Қымбатты балалар

Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды

ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді.

Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар, 8 наурыз мерекесі құтты болсын.

Енді құттықтайды сіздерді «Балапан» тобының балалары- дей келе, бүгінгі «Аман болсын—Анашым!»атты ертеңгілігімізді

бастаймыз.

(Залға музыка әуенімен ұл балалар келеді)

Тәрбиеші:

Ау, балалар, бәрін қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер. Ал

тобымыздың қыздары қайда?

Балалар:Білмейміз,біз ойладық олар

осында деп.                                   

           Тәрбиеші: Олар келген болса қайда онда.Мүмкін,олар мейрамға дайындықта шығар.Балалар, аналарың мерекеге,

тойға барар кезде не істейді?

Ұлдар: әдемі киінеді, боянады,

шаштарын әсемдейді.

Тәрбиеші: Олай болса, біз сол жерлерден қыздарымызды іздейік.

Дүкен.

Тәрбиеші:

• Алло, алло, сәлеметсіздер ме? Бұл киім дүкені ме? Біздің «балапан тобының»

қыздары сіздерде бар ма екен?

Телефон жауабы:

- Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып, мерекеге

кетті.

Сән салоны

Тәрбиеші:

• Алло, алло, сәлеметсіз бе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің «Балапан»

тобының қыздары сіздерде бар ма екен?

Телефон жауабы:

• - Сәлеметсіз бе? Иә, олар бұл жерде болған. Шаштарын сәндетіп, қазір ғана

таксимен  мерекеге кетті. Күтіп

алыңыздар.

Тәрбиеші:

• Ой,олай болса қыздарымызды қарсы алайық.

(музыка әуенімен қыздар

шығады)

Тәрбиеші:Қыздарымызда келіп

жетті.Енді мерекемізді бастасақ та болады.

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген – қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген – өмірдегі қамқорың,

Ана деген – сүйенерің, жан құрбым, - деп кезекте балаларымыздың аналарына арнаған

тақпақтарына береміз.

Тақпақтар:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір - бірден

Аналарға сыйлаймыз.


Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар.


Ақ анашым, аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

 Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек?

 

Барлық балалар хормен:  Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!

 

 

Тәрбиеші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

 

Хор: «Ақ мамам»

 

Тақпақтар:

Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін.

 

«Боташым» дер саған

Кім сүйікті адам

Ол - менің анам.


 Құтты

болсын, анашым,

Құтты болсын мерекең!


 Анам

менің «Күнім» дейді

Мен қуансам күлімдейді.


Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.


 

 Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

 

Көрініс: «Алло»

Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз

дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.

-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті

балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді.  (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)

 

-Кәмпит-Ханшайым:  (кіріп

билейді)

 

 Мен тәттімін,

Балалардың сүйікті дәмімін,

Мерекенің сәнімін,

Дастарханның әрімін.

 

   -Сәлеметсіңдер

ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен,  «Кәмпит-Ханшайыммын»

Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді

көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі

тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды

түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады,

тапсырманы барлық бала орындайды)

Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті

«Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе

тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.

1-   

кәмпиттегі тапсырма:

Ойын: «Қағаз киім» ( аналар ұлдарымен)

Ойын жарыс түрінде өтеді. 

Ұлдарымыздың аналары ортаға шығып сайысқа түседі.

2-   

Кәмпиттегі тапсырма :

Би: «Жалқаубек»

3-   

кәмпиттегі тапсырма:

Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен

құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің

қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі  әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.

Ән:

«Жақсы көру»  (Сезім Гүлназ екеуінің орындауында)

Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайым» , енді сіз біздің балаларымыздың

аналарына  дайындап келген тақпақтарын

тыңдаңызшы.

 

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамын мен құттықтаймын.

 

 Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

 

 Әр сөзімді

жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.


Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.


4      

кәмпиттегі тапсырма:

Ойын:

«Анамызға гүлдер жинаймыз»  (балалар)

Жерде

әр түсті гүл жапырақтары жатады, солардан тәрбиеші қай түсті атайды сол түстен

балалар жылдамдыққа жарысып гүл жинайды.

5      

кәмпиттегі тапсырма:

Би:

«Гүлдер биі»

Әдемі

биден кейін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:

Әже деген көп шығар,

Әжемдей жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

 

Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем.

 

Қуанышы баланың

Бізді өсірген анашым.


Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.


 Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

 

6      

–кәмпиттегі тапсырма

Ойын: «Аналарымызбен,

әжелерімізді мерекелік кешке дайындайық»

         Балалар

аналары мен әжелеріне қарсы үш метр қашықтықта тұрады, сол жерде үстел үстінде

киімдер, бас киімдер, көзілдірік, моншақтар тұрады, аналарын балалары тез

киіндіру керек.

Би: «Носса носса»

Кәмпит-Ханшайым: -Балалар,  сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы

орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі,

тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші

апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны

сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын,  басқа да балабақшада мерекелер болып

жатыр  соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып

кетеді)

Аналарға сыйлық: Балалар «Анашым» әніне қолдарына

жүректерін алып қатарлап билеп келеді,

Тәрбиеші:

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым!

  Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар,

қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға

қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге

әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі

дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

 

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Уайым мұң қонбасын жанарыңа

 Осымен

кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Аман болсын–  Анашым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты

аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 

Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс,  баршаңызға мың алғыс!»

Қол ұстасып, әуенмен топқа кіреді.

 

 

Просмотров: 296


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст