Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Старый Колутон ауылының «Ақбота»  бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие  "Ясли- сад "Ақбота" села Старый Колутон при отделе образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.04.2017

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің

 технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Алма бағы.

Мақсаты: Алма ағашының

суретін сала білуге үйрету. Алма ағашының құрылысына, ерекшелігіне сәйкес оның

бөліктерін, бір -біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрету. Ағаш діңін

қылқаламмен бастыра сызу және жапырақтары мен алмаларын әдемі бояуға

жаттықтыру. Көріністі қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: алма

бағының көрінісі

Сөздік жұмыс: дің-

ағаштың ең негізгі бөлігі.

 

Оқу іс-әрекеті кезеңдері

 

Педагогтің іс -әрекеті

 

Балалардңіс- 

әрекеті

Мотивация-лық –

қозғаушылық

Тәрбиеші  балаларды шеңберге  тұрғызып, бір -біріне деген жылы  тілектерін айтқызады. Алма ағашының гүлі

немесе алманы бір -біріне бере отырып тілек айтады.

Балалар бір -біріне мейірлене қарап гүл сыйлайды.

Ұйымдас-тыру,

іздену

Педагог күз мезгілі туралы тақпақты мәнерлеп оқиды. Берекесін

сыйлауға ,Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді.

Тақпақтың мазмұны бойынша әңгіме жүргізеді. “ Кім көп жеміс жинайды?”  дидактикалық ойыны. Балаларды екі топқа

бөліп, жемістерді шашқызып, жинатып, санатып, түстерін ажыратқызып,

салыстыртып ойнатуға болады. Педагог бақшадағы алма ағаштары туралы әңгіме

жүргізеді; оларды бір- бірімен салыстыртады; санатады. Жеміс- жидектердің

түрлерін ататқызады.

Сергіту сәті: әуен

ырғағымен қимылдар жасайды. Тақтадағы суретке қарап, алма бағындағы

ағаштардың суретін салуды ұсынады. Мына түрдегі түсіндіру жұмысын жүргізеді:

суретке алдымен ағаштың діңін қоңыр бояумен салып аламыз.

- Себебі жеміс жидек күз мезгілінде піседі. Сұрақ –

жауап.

 - Ауылдағы атам

мен әжемнің үйінде алма бағы бар. Біз алма жинауға көмектестік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

–Алма,

өрік, шие т.б.

Мен күз мезгілін жақсы көремін. Дәптерлерімен жұмыс.

Рефлексилық-түзетушілік

Оқу- іс әрекетін сұрақ- жауап арқылы қорыта келе, балалардың жұмысына

талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, суреттерін барлық

балаға көрсетеді.

- Мен алма бағындағы ағаштарды салдым. (Балалардан көбірек жауап алуға

тырысу керек).

Күтілетін нәтиже: Біледі: Алма

ағаштың құрылысына, ерекшелігіне сәйкес оның бөліктерін, бір -біріне қатынасын

дұрыс көрсетуді.

 Игеред: Ағаш діңін қылқаламмен бастыра сызуды және жапырақтары

мен алмаларын әдемі етіп бояуды.

 Меңгереді: Бақшадағы ағаштардың көрінісін сала білуді.

 

Просмотров: 851


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст